Мәдениетаралық қатысымның шет тілін оқытуда маңыздылығы (неміс тілі)

Авторлар

  • R. К. Smagulova Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты
  • R. К. Kalikbergenova Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты

Кілт сөздер:

мәдениетаралық қатынас, құзыреттілікті қалыптас¬ тыру, мақал-мәтелдер, басқа ел мәдениеті, шет тілін оқыту, өзара тү¬ сіністік, мәдени қор.

Аңдатпа

Мақалада шет тілін оқытуда ерекше орын алатын мәдениетара­ лық қатысым ұғымы және тіл үйренушілердің мәдениетаралық қа­ тысым құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары мен тәсілдері жө­ нінде сөз болады. Тілдік қарым-қатынас сәтті де нәтижелі болуы үшін тілді ғана білу жеткіліксіз, сондай-ақ сол елдің мәдени өмірін, тыныс-тіршілігін білу, олармен жақын танысу, қарым-қатынас ба­ рысында өз тіл үйренушінің өз білімін қолдана алуы аса маңызды. Басқа елдің тілімен, мәдениетімен таныса отырып біз жаңа өмірлік тәжірибе, өзге қоғамдық нормалар, құндылықтар жайында ақпарат аламыз, осылайша басқа елдің рухани байлығына қол жеткіземіз. Әр елдің мәдени, рухани байлығының айнасы – мақал-мәтелдер. Зерттеу барысында студенттердің мәдениетаралық қатысым жасау құзырет­ тілігін қалыптастыруда мақал-мәтелдерді қолдану шет тілінің тілдік мәдени ерекшеліктерін анықтауға, олардың тарихи- мәдени көздерін табу әдістерін ойластыруға мүмкіндік беретіні анықталды.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі