Сөз тіркесі жүйесінің қалыптасуы және оның нормалық сипаты

Авторлар

  • R N. Darmenkulova. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университет
  • B. Zh. Doskeyeva С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университет

Кілт сөздер:

сөз тіркесі, синтаксистік қатынас, жүйе, құрылым, тіл нормасы, грамматикалық қатынас, сөз бірліктер, тіл білімі.

Аңдатпа

Сөз тіркестерін құраушы бөлшектердің тіркесу қабілеттілігі мен оларды байланыстыратын амал-тәсілдерді айқындаудың маңызы зор. Мақалада қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің жұмсалу ерекшелік­ тері мен нормалық сипаты қарастырылған. Сөз тіркесіне анықтама беріліп, олардың тіркесу заңдылығына қатысты пікірлер айтылады. Тіліміздегі сөз тіркестерінің қолданыстағы көрінісі мен құрылымдық жайы норма тұрғысынан талданады. Сондай-ақ сөз тіркестерін құрауда болатын ауытқулар мен түрлі өзгерістер септік жалғаулары арқылы байланысқан сөз тіркестерінің жұмсалымынан көрінетіндігі сөз болады. Олардың тек сөйлеу тілінде ғана емес, көркем әдебиет тілінде де қолданысына мысалдар беріліп, өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасалады. Қазақ тіліндегі сөз тіркесі жүйесінің құрылуы жүйедегі грамматикалық ережелермен қатар нор­ маға да бағынатыны айтылады.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары