Фонетикалық зерттеулерде қолданылатын компьютерлік бағдарламалар
Кілт сөздер:
фонетика, компьютерлік бағдарлама, иннова¬ циялық технология, осциллограмма, спектрограмма, қарқындылық, форманттар, тон жиілігі.Аңдатпа
Тіл біліміне қарасты ғылыми салалардың ішінде компьютерлік бағ дарламалар мен жаңа технологияларды қолдану жағынана фонетика, яғни тіл дыбыстарын зерттейтін сала, басқаларына қарағанда ілгеріде тұрады. Олай дейтініміз, фонетика нақты тілдік материал, яғни арти куляцилық жағынан дыбысталып, акустикалық жағынан қабылдана тын тіл дыбыстарын зерттейді. Оларды түрлі акустикалық құрылғылар мен қондырғылар арқылы зерттеу өткен ғасырдың өзінде жақсы да мыған. Қазіргі жаңа ғасыр жоғары технологиялар мен компьютерлік бағдарламалардың дәуірі болғандықтан, фонетист ғалымдар тіл ды быстарын зерттеуде түрлі амал-тәсілдер мен құралдарды қолданады. Бүгінгі күні эксперименталды фонетика акустика және психоакустика, информатика, когнитивті психология, бейнелерді тану және жасанды интеллект жасау сынды ғылым салаларымен тығыз байланысты дамып келеді. Берілген мақалада фонетикалық зерттеулерде кеңінен қолда нылып жүрген Praat, Speech Analyzer, WinCecil, GoldWave сынды ком пьютерлік бағдарламалар туралы баяндалады. Мақаланы дайындау ба рысында әр компьютерлік бағдарламаны барынша сипаттап, олардың артықшылығы мен кемшіліктерін көрсетуге тырыстық.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Фонетикалық зерттеулерде қолданылатын компьютерлік бағдарламалар. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 158(6). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1677
