Номинация үдерісінің психолингвистикалық аспектісі
Кілт сөздер:
сема, сөйлеу әрекеті, концепт, номинация, ассоциа ция, сөздік құрам.Аңдатпа
Мақалада затқа, құбылысқа, іс-әрекетке атау беру сөйлеу әрекеті негізінде қалыптасатындығы туралы айтылады. Қазіргі тіл білімінде номинация теориясын зат, құбылыс, әрекетпен тікелей байланыста емес, сонымен қатар ұлттық сана, ұлттық ойлау, ұлттық дүниетаным жүйесімен байланыста қарастыру мәселесі туындап отыр. Тілдік жүйедегі номинация процесі – сөйлеу әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Жалпы лингвистикадағы «әрекет» ұғымы атау беру қызметін қоршаған орта туралы аялық біліммен, экстралингвистика лық факторлармен байланыста қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі зат, құбылыс, сапа, әрекет белгілеріне атау беру халықтық дүниета ныммен, ой-сананың өсуімен, ұлттық психологиясы мен діліне байла нысты айқындалуы тиіс. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар ментальді-сезімдік қабылдаулар арқылы адам санасында таңбалана тындығы нақты тілдік фактілер негізінде дәйектеледі.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Номинация үдерісінің психолингвистикалық аспектісі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 158(6). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1683
