Интернет желісіндегі байланыс ерекшеліктері
Кілт сөздер:
ғаламтор коммуникациясы, сөйлеу агрессиясы, ға¬ ламтор, сөйлеу құзіреті, тіл тигізу, тілдік мәдениет, әсер ету, мани¬ пуляцияАңдатпа
Қазіргі кезеңде бұқаралық ақпарат құралдары – әсер ету күшіне ие төртінші билік. БАҚ көпшілікке ақпаратты жеткізіп қана қоймай, қандай да бір материалға қатысты халықтың жауабын басқарып, кез келген оқиғаға немесе тұлғаға қатысты қарым-қатынасын қалыптас тырады. Басылымдарда адамдарды басқарып, белгілі әрекеттерге итермелейтін сөйлеу агрессиясының түрлері жиі қолданылады. Ма қалада аудиторияға әсер етіп, белгілі тұлғаларға, оқиғаларға, фак тілерге қатысты жағымсыз пікір қалыптастыратын және бұқаралық сананы бағалауға мүмкіндік беретін экспрессивті құрал ретіндегі сөйлеу агрессиясы қазақстандық БАҚ мысалдары арқылы беріл ді. Ол әрекетке итермелеп, манипуляцияның нысанына айналғанын адамдарға сездірмей-ақ ойлары мен әрекеттерін басқарады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Интернет желісіндегі байланыс ерекшеліктері. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 158(6). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1686
