«Қарғын» романындағы етіс категориясының грамматикалық форма тудыру ерекшеліктері

Авторлар

  • L. А. Chaltykenova І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
  • Zh. А. Shaimerdenova І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

грамматикалық категория, етіс категориясы, грам¬ матикалық форма, лексика-грамматикалық мағына, аффикс, комму¬ никативті акті, концептуалдау, когнитивті жүйе.

Аңдатпа

Мақалада етіс категориясның адам әрекеті, мінезі, көзқарасы, коммуникативті актіге қатысушы объективті жағдаятқа қатысты еке­ нін білеміз. Соның нәтижесі етістің грамматикалық категориялары түрлі формада тілдік бірліктер арқылы сипатталады. Дулат Исабековтың «Қарғын» романындағы халықтың рухани байлығының, менталитетінің бір-бірімен байланысын етіс катего­ рияларын қолданылуынан анық көреміз. Романындағы тіл мен адам өзара байланыста қаралып, адамның грамматикалық категорияларды танушы және атаушы субьект ретінде коммуникативті әрекетке ену­ ші, тілді тұтынушы тұлға ретіндегі қызметіне баса көңіл аударылды. Мақалада етіс категориясының қолданылу ерекшеліктері осы тұрғы­ дан талданды. «Қарғын» романында кездесетін ырықсыз, өздік, өзгелік, ортақ етістерге бірнеше мысалдар келтіріліп, жасалу жолдары анықталды. Сонымен қатар, жазушының романдағы етіс категориялары қол­ данылу жиілігі сан жағынан анықталды. Атап айтқанда: ырықсыз етіс – 132, өздік етіс – 85, өзгелік етіс – 37, ортақ етіс – 20 екені тірексызба, салыстыру ретінде көрсетілді.

Жүктеулер