А. Феттің «Когда читала ты мучительные строки…» өлеңінде махаббат тақырыбының мұңға балану арқылы экзистенциальді бейнеленуі

Авторлар

  • Ә. Е. Құлымбетова Южно-Казахстанский государственный университет им. М. Ауэзова
  • А. А. Джунисова Южно-Казахстанский государственный университет им. М. Ауэзова

Кілт сөздер:

төрткезеңдік сараптама, мазмұн мен пішін жүйесі, осы шақ хронотопының жоғарғы және төменгі шегі, графикалық са¬ раптама және графикалық символизм, объекттік тақырып, инвариант¬ тық тақырып, болжаушылық мағына, род, стиль, көркем әдіс, жанрлық пішін, элеги

Аңдатпа

А. Феттің «Когда читала ты мучительные строки…» өлеңі жүйелі кешенді түрде махаббат тақырыбының мұңға балану арқылы экзис­ тенциональді бейнеленуін ашып көрсету үшін алғаш рет зерттелді. Оған мәтінді сараптамадан өткізудің төрт кезеңінің де мазмұны мен пішін жүйесіне назар аударып, графикалық сараптама және графи­ калық символизм тәсілін қолдана отырып қол жеткізуге болады.Ақы­ ның өлең мәтініндегі 1 цифрының басым келуі – жаңашшылдықтың , ал 2 – қобалжу сезіміің басымдылығының көрінісі. Ақын тек өзінің қобалжу сезімін көрсетіп қана қоймай, жауапсыз махаббаттан мұң­ ға батқандығына ғашығының назарын аударады. А. Фет зерттеліп отырған өлеңінде, А. Пушкиннің таңғы және кешкі күннің шуағына арналған өлең шумағына сүйене отырып (реминисценция), шығарма­ шылық бәсекеге түсіп, жаңашылдық ашып отыр. Авторлар тақырып негіздемесінде өлеңнің лексикасына және интонациясына қақтығыс пен бейнелеу түрлеріне сүйеніп, экзистенциалдық, экспрессионал­ дық, романтикалық бейнелеу әдістерінің нақты сипатын ашып отыр.

Жүктеулер