Алтын Орда дәуірі әдебиетіндегі қисса-дастандар және «Хұсрау Шырын» дастаны

Авторлар

  • K. Т. Жанузакова Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университет
  • Б. Усеева Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университет

Кілт сөздер:

қисса-дастан, нәзира, шығыс әдебиеті, ислам діні, миф.

Аңдатпа

Мақалада орта ғасырлық түркі әдебиетіндегі қисса-дастандар­ дың қалыптасуы, түп-төркіні, олардың жанрлық ерекшеліктері қа­ растырылады. «Қисса», «хикая», «дастан» ұғымдары турасындағы зерттеуші ғалымдардың теориялық пікірлеріне сүйене отырып, олар­ ға анықтама беріледі. Шығыстық қисса-дастандардың арқау еткен тақырыптары, көтерген басты идеясы, қаһармандардың бейнелену ерекшеліктері айқындалады. Шығыс әдебиетінде өзіндік орны ай­ рықша қисса-дастандардың қалыптасуына көне мифтік негіздердің арқау болғаны және олардың түркі әдебиетінде кеңінен таралуы нә­ зира дәстүрімен тікелей байланысты екені пайымдалады. Шығыс­ тық қисса-дастандардың түркі халықтарына ортақ әдебиетте діни, ғашықтық, батырлық т.б. тақырыптардағы дастандардың жазылуына негіз болғаны, оның тамаша үлгілері ретінде Әлидің «Қисса Жүсібі», Хұсам Кәтибтің «Жұмжұмасы», Құтбтың «Хұсрау Шырыны», Сайф Са­ раидің «Гүлстаны», Рабғұзидің қиссалары дүниеге келгені зерделене­ ді. Сонымен қатар, түркі әдебиетіндегі нәзира дәстүрімен жазылған «Хұсрау-Шырын» дастанының көркемдік, образ жасау, компози­ циялық ерекшеліктері талданады

Жүктеулер