О. Бөкеевтың соңғы шығармаларындағы «орнаментумсыз» кейіпкерлердің поэтикалық қызметі

Авторлар

  • Т. У. Есембеков Казахский национальный универсиет им. аль-Фараби
  • Е. М. Солтанаева Казахский национальный универсиет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

орнаментум, «өзіндік атмосфера», «жалаңаш адам», руханилық, «жалаңдық», рухани өмірбаян, дискурс, персонаж, сю¬ жеттік желі, хронотоп, көркем уақыт және көркем кеңістік

Аңдатпа

Мақалада О. Бөкеев прозасының соңғы кезеңіндегі кейіпкерлер­ дің поэтикалық қызметі қарастырылған. Мәселелік талдауға «Сайтан көпір», «Қар қызы» повестері мен «Атаукере» романы алынған. Бұл шығармаларда қазіргі адамдардың «рухани болмысы» зерттеледі. Аталмыш шығармаларда авторлық позицияның басты мақсаты – ав­ тор көзқарасының адамгершілік-философиялық аспектін айқындайт­ ын адамның рухани тұлғасын, адамның «өзіндік атмосферасының» қабаттарын көрсету болғандығы анықталды. Сондай-ақ «Жалаңаш адам» тіркесін қолданудың поэтикалық қызметі айқындалады. Ру­ хани жалаңдық, рухани жалаңаштық ұғымдарына көңіл бөлінеді. Адамның рухани кері кетушілігі ретінде адам «жалаңаштығы» туралы ой бөліп көрсетілсе, бұған қарама-қарсы рухани баю (өркендеу) өз «жалаңаштығын» киіндіруге әрекеттену ретінде сипатталады. Кейіп­ кер мінездерінің қарама-қарсы контрастіге құрылуының да өзіндік мағынасы ашылған. Адам рухы мен оның айналасына ерекше назар аударуды қажет етуді ұйғаратын адамгершілік-философиялық ас­ пект айқындалады.

Жүктеулер