Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы көркемдік шындық

Авторлар

  • Ж. Д. Дадебаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет
  • Л. Ж. Мусалы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Кілт сөздер:

тақырып және идея, роман-эпопея, қазақ халқының саяси-әлеуметтік тәуелсіздігі, көркемдік жинақтау, өмір шындығы.

Аңдатпа

Мақалада қазақ прозасының көрнекті өкілі Шерхан Мұртазаның шығармалары, атап айтқанда «Қызыл жебе» романының идеялықкөркемдік және құрылымдық ерекшеліктері жөнінде талдау жасала­ ды. Бес кітаптан тұратын роман-эпопеяның жанрлық ерекшеліктерін ашатын сипаттарды атап көрсетеді. Роман-эпопеяның бас кейіпкері – ХХ ғасырдың басында Кеңестер Одағы бойынша басшы қызметте болған аса көрнекті мемлекет қайраткері, қазақ халқының ұлы пер­ зенті Тұрар Рысқұлов. Роман-эпопеяда Тұрар Рысқұловтың бала кезі­ нен өзі өмірін арнаған өкіметтің үкімімен өлім жазасына кесілгенге дейінгі өмірі мен қызметі толық қамтылады. Авторлардың айтуынша, «Қызыл жебеде» Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі толық қам­ тылғанмен, оны өмірбаяндық шығарма деп қабылдауға болмайды. Өйткені роман-эпопеяда тарихи тұлғаның өмірі мен қызметі арқылы халық бейнесі, тұтас бір елдің өмір-тарихы аясында бүкіл бір дәуір­ дің аса ірі саяси-әлеуметтік шындық оқиғалары көрініс тапқан. «Қы­ зыл жебеде» суреттелген шындық – халық өмірінің шындығы. Бас кейіпкерлер Рысқұл мен Тұрарға тән қасиеттерді жинақтап, сала бо­ йынша көрсетеді.

Жүктеулер