Ақын-жыраулар поэзиясындағы дін негіздері
Кілт сөздер:
имандылық, жыр, ғалам, иман нұры, дін, ислам негіздері, ғалам.Аңдатпа
Бұл мақалада ХІХ-ХХ ғасыр басындағы ақын-жыраулардың өлеңтолғауларындағы ғалам жаратылысы туралы философиялық ойтұжырымдары баяндалған. Алла нығметтерінің барлығы адамзат баласына арналған. Адамзат тарихымен мәңгі бірге жасасып келе жатырған тақырыпты зерделеген ақын-жыраулар өз тыңдаушысын жаратылыстың тылсым сырынан ғибрат алуға шақырады. «Ғалам не үшін жаратылды, адамның дүниеге келгендегі мақсаты не?» деген сауалға өлең өрнектерімен жауап іздеген сөз зергерлері ислам философиясының қазақ даласындағы арнасын ашты. Дүние жаратылысының сырын жыр арқауына айналдырған Арқадан Атырауға дейінгі дәстүрлі өнер мектептерінің өкілдері өз тыңдарманын жаратылыстың тылсым сырына үңілдіріп, одан ғибрат алуға үндейді. Дүние жаратылысының ұлы мақсатын жеткізуге тырысқан ақынжыраулар жыр тыңдаған жамағатты шын мәнінде ислам дінінің тұнық қайнарымен сусындатты. Олар бұл ретте Құран аяттарына, Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарымыздың хадистеріне және ислам ғұламаларының еңбектері мен орта ғасырлық әдеби жәдігерлерге сүйенді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Ақын-жыраулар поэзиясындағы дін негіздері. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 158(6). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1699
