Шығыс халықтары әдебиетіндегі ортақ сарындар
Кілт сөздер:
дастандар, сарын, жыр, аңыз, сюжет, кейіпкер, жанр, деталь, нұсқа.Аңдатпа
Шығыстық қисса-дастандарда өгей ананың патша баласына не оның құлына ғашық болуын баяндайтын дәстүрлі сарындар жиі ұшы расады. «Шаһнаманың» Сияуышқа арналған бөлімінде кездесетін бұл сарын көптеген фольклоршы ғалымдардың назарын аударды. Деген мен дәп осы оқиғаның қазақ дастандарының сюжеттерімен байланы сы әлі көп сөз бола қойған жоқ. Мақала авторы «Сияуыштағы» осы мотивті «Жүсіп-Зылиха» дастанындағы сарынмен, Әбілғазының «Тү рікмен шежіресіндегі» аңыз оқиғасымен салыстыра қарастырып, жыр желісіндегі қызметі мен идеялық мазмұнына назар аударған. Мұнда парсы жұртында сақталған Алып Ер Тұңға туралы көне аңыздардан алынған өлімнен қашу мотивінің қазақтың Қорқыты мен оғыздың Темірұлы жайындағы аңыздарымен байланысы, олардың көркемдік даму сипаты, әдеби-мәдени ықпалдастық мәселелері қаралады.Талас жоқ, зерттеуші еңбегінде сөз болған жайттар оқырман қауымның ынтасын оятып, шығыстық қиса-дастандардың күрделі жаратылысын танып-білуге септігі тиетін жаңалықты жайттар деп білеміз.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Шығыс халықтары әдебиетіндегі ортақ сарындар. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 158(6). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1700








