Артур Миллердің «Соңғы янки» атты пьесасындағы мінез-құлық концепциясы

Авторлар

  • С. А. Ашимханова . Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

драма, психоанализ, феномен, проблемалық, ин¬ теллектуалдық театр, шығармашылық даму, идея, композиция, жанр.

Аңдатпа

Артур Миллер ХХ ғасыр әдебиеті, соның ішінде дәлірек айтсақ АҚШ драматургиясының биік жұлдызы. Миллер өзінің проблемалық, интеллектуалдық театрында мінез-құлық концепциясына ерекше тоқтап тереңінен қарастырған. Зерттеуде психологиялық сарындағы «Соңғы янки» атты бір актылы пьесасында адамның психологиясын, жүрек сырын нанымды, әсерлі баяндайды. Мұндай қасиет жиыр­ масыншы ғасыр шығармаларында молынан кезігеді, біз арқау етіп отырған шығармада алуан түрлі сезімге бой алдырған адам жаны­ ның құпиясы терең ашылған. Сюжет түзілісі, композиция, тақырып, поэтика, бір сөзбен, шығарма идеясы мен мазмұнын ашатын көркем­ дік құралдары, кейіпкерлерінің тағдыры да трагедиялық – жалпы драмаға тән қасиет-сапарларға-жанрлық структуралар мен форма­ ларға түгел ие. Характерлер қақтығысы, сезімдер шайқасы, ерекше көркемдік құрал – психологиялық диалоггар мен монологтар арқылы болмыстың сан алуан шындықтарын ашады, өмір құбылыстарына ба­ ға береді.

Жүктеулер