Қазақ сөз өнеріндегі интертекст мәселесі
Кілт сөздер:
интертекст мәселесі, интертекстуалдылық, фольклор, ақын-жыраулар поэзиясы, би-шешен, дәстүрлі шешендік сөздер, авторлық ауыз әдебиеті, шешендік сөз, сөз өнері.Аңдатпа
Мақалада көркем мәтінді талдаудың түрі болып табылатын интер текстуалдық мәселесі қарастырылады. Қазақ прозасы мен поэзиясын дағы, авторлық ауыз әдебиетіндегі интертекстуалдық байланыстардың фольклорлық негізі танылады және соған сәйкес интертекст поэти касының құрылымдық ерекшеліктері айқындалады. Мақалада интер текстуальдық теориясының бастаулары саналатын М.Б. Ямпольский, И.В. Арнольд, М.М. Бахтин, У. Эко, Ж. Женнет, Ю. Кристева, Ю.Н. Ты нянов, Ф. де Соссюр, Г.В. Денисова, Ю.М. Лотман, М.Л. Гаспаров сияқты шетел ғалымдарының еңбектеріне шолу жасалады. Интертекст проблемасына қатысты ой сілемдері қазақ әдебиеттануының бастапқы кезеңдеріндегі еңбектерде кездескенмен, кейінгі уақытта қарастырыла бастады. Ұлттық әдебиет туындыларындағы интертекстуальдық байла ныстар көбінесе дәстүр жалғастығы принципі тұрғысынан немесе нә зирагөйлік үлгісінде зерделенді. Сондықтан біздің мақаламызда осы олқылықтардың орнын толтыру мақсаты көзделеді. Осы тұрғыда біз ұлттық әдебиетіміздің әралуан үлгілеріндегі интертекстуальдық бай ланыстардың көркемдік функциясын ашуда, олардың өзіне тән ұлттық ерекшеліктерін танытуда шығарма мәтінінің құрылымына терең талдау жүргізіп, нақты дәйектер арқылы байыптадық. Интертекстуальдық құ рылымдардың фольклорлық негізін айқындайтын еңбектерді қарас тырдық. Батыс, орыс әдебиеттануындағы интертекст теориясына, қа зақ әдебиеттануындағы азды-көпті еңбектерге сүйене отырып, авторлы ауыз әдебиетіндегі – жыраулар поэзиясы мен шешендік сөздердегі, жазба көркем әдебиеттегі интермәтін қызметі талдауға алынады.Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазақ сөз өнеріндегі интертекст мәселесі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1706
