И.А. Буниннің «Смарагд» новелласы жүйесіндегі реалистік емес бейнелеу белгілері

Авторлар

  • А. А. Dzhunisova Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

мазмұн мен пішін жүйесі, бейнелеудің реалистік емес сипаты, авторлық ұстаным, тұлғаның қақтығысы, эпикалық шығарма.

Аңдатпа

Бұл мақалада И.А. Буниннің «Смарагд» шығармасы жүйелі түрде қарастырылады. Ұстанған бағытымыз – И. Буниннің эпикалық шы­ ғармасындағы мазмұндық және пішіндік белгілерін айқындау. Мұнда эпикалық шығарманы изоморфтық қағида бойынша талдау жасаудың барлық төрт кезеңінде реалистік емес бейнелеуге басты назар ауда­ рылады. Бұл қағида И.А. Буниннің мәтін жүйесінде қарастырылған категориялардың мазмұны мен пішінінің арақатынасын ашып көрсе­ тетін «хаос» пен «тәртіптің» заңды байланысына ұқсас келеді. Бірінші кезеңде анықталған реалистік емес бейнелеу сипаты екінші кезең­ де жүйелі түрде тұлғаның қақтығысы арқылы дәлелденеді, соңынан үшінші кезеңде реттеледі, төртіншіде өз белгілеріне тап болады. Нәтижесінде прозаиктің айтпақ ойын түсіну мақсатында анықталып отырған бейнелеу сипатымен бірге Бунин шығармасының жанрлық пішіні, жанры, жанрлық түрі нақтыланып, шығарманың тақырыбы, идеясы, эпикалық белгілері, стилі анықталады.

Жүктеулер