Қазақ хандығы және жыраулар поэзиясындағы ел бірлігі

Авторлар

  • К. S. Mambetov Қ.А. Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Zh. Тanauova Қ.А. Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • М. К. Mambetova Қ.А. Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

қазақ хандығы, жыраулар, жыр, поэзия, сөз өнері, қазақ әдебиеті.

Аңдатпа

Мақалаға арқау болған қазақ хандығы және жыраулар поэзия­ сындағы ел бірлігі мәселесі. Жыраулар поэзиясы – ауызша және жаз­ баша сөз өнері поэзияның көшпелі тұрмыс мәдениеті жағдайындағы өзгеше құбылысы. Қазақ мәдениетінің көшпелі тұрмыс аясындағы сипатында адамгершілік тәрбиесі маңызды орын алады. Қазақ әде­ биеті ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалды­ лығымен ерекшеленеді. Мемлекетті басқарған хандардан бастап, есі енді кіре бастаған балаларға дейін сөз өнерінің тәлім-тәрбиелік, эстетикалық ықпалын қабылдайды. Халық «Өнер алды – қызыл тіл» десе, сол тіл өнерін жете меңгерген, аузын ашса болды көмейінен күмбірлеп жыр құйыла жөнелетін адамның жұрт алдында зор бедел­ ге ие болуы заңды құбылыс. Олай болса қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулар поэзиясының басты көтерген тақырыптары, негізінен ата-қоныстары, отаншылдық, елтанушылық, адамгершілік, тәлім-тәр­ бие, ұлттық дүниетаным, әсіресе қазақ халқының қасиетті ата-қоныс мекендері үнемі сөз арқауына алынады.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары