Ұлттық библиографияның қалыптасу жолдары

Авторлар

  • Ж. Смагулов Қарағанды мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

библиография – ғылыми зерттеудің нәтижесі ретінде, ғылым салалары, даму тарихы.

Аңдатпа

Ғылыми сипаты айқын бұл мақала қазіргі қазақ әдебиеттану ғы­ лымында назардан тыс қалып жүрген көкейкесті мәселеге арналған. Мақалада ұлттық әдебиеттану ғылымындағы қазақ библиографиясы­ ның жеке сала болып қалыптасу тарихы ғылыми тұрғыда сараланған. Автор ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде библиография сала­ сындағы алғашқы ізденістердің ХХ ғасыр басындағы баспасөзден бастау алатынын тілге тірек ете отырып, «Қазақ» газетіндегі жарық көрген кітаптар туралы алғашқы хабарламалардан басталған осы сала бойынша барлық қадамдарды нақты сөз етеді. Егер библиография баспасөз бен кітаптану ғылымына тікелей байланысты болатын болса, онда кез келген ғылыми ізденістердің нә­ тижесі осы библиографияға барып тірелетіні анық. Сондықтан автор 1920 жылдардан осы сала бойынша жасалған ғылыми ізденістердің мән-маңызына бүгінгі күн тұрғысынан баға береді. Кеңес дәуіріндегі ұлттық библиографияның ізденістері мен іркілістеріне, жетістіктері мен кемшіліктеріне ғылыми тұрғыда талдау жасалған. Ә.Тоқмағамбе­ тов, Н.Сәбитов, В.М.Сидельников, Ғ.Әбетов және тағы басқалардың жарық көрген библиографиялық көрсеткіштерінің ұлттық библогра­ фияның тууы мен қалыптасуы жолындағы өзіндік ерекшеліктері жан – жақты талданған.

Жүктеулер