Қазақ және орыс тілдерін оқитын шетелдік студенттердің ауызша тілдесу құзыреттіліктерін қалыптастыру (сөйлеу жағдаяттары)

Авторлар

  • A. E. Sadenova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • E. R. Ignatova
  • D. S. Tolmacheva

Кілт сөздер:

ауызша тілдесу, жағдаяттық шарттылық, типтік диалог, шартты және шынайы жағдаяттар.

Аңдатпа

Мақалада шетелдік студенттердің қазақ және орыс тілдерінде ауызша тілдесу құзыреттіліктерін қалыптастырудың түрлі әдіс-тәсілдері қарастырылады, шартты және шынайы жағдаяттардың қолданылуы талданады, ауызша тілдесу дағдыларын дамыту үшін ұсынымдар беріледі. Қазақ тілін оқитын шетелдік студенттердің сөйлеуінқалыптастыру мәселелері қарастырылады. Сөйлеуге үйретудің психологиялық мәселелері сөз болады. Сөйлеу үшін қажетті жайттардың арасындағы жағдаят мәселесіне және оның компоненттеріне назар аударылады. Оқу үдерісі барлық шынайы жағдаяттарды көрсете алмайды, сондықтан да шынайы тілдік қатынасқа жақын коммуникативтік оқу жағдаяттарының үлгілері ұсынылады. Мақалада оқудың түрлі кезеңдеріне тиесілі түрлі әдістемелік ұсыныстар берілген. Айтылымның тілдік қана емес, сондай-ақ мазмұнды жағына да назар аударылады. Сөйлеуге үйрету үшін көрнекі нысандар, диалогтар мен полилогтарды қолдану ұсынылады.
Мақалада ұсынылған жаттығулардың жүйесі ауызша сөйлеуді дамытуға көмектеседі. Мұнда ең алдымен айтылымның туындауы, оның коммуникативтік мәні мен тілдің нормасына сай келуі дамытылады. Диалогқа үйретуде бір жағынан репликалардың кезектесе алмасуына үйрету көзделсе, екінші жағынан жағдаяттың өзгеруі көрінетін қарым-қатынасқа түсуге, диалогтық сөйлеуге үйрету көзделеді.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі