Стилистика және әдеби редакциялау» пәнін оқытудың әдістемесі

Авторлар

  • Б. К. Serdali Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

редакциялау, БАҚ, редактор, стилистика, композиция.

Аңдатпа

Мақалада әдеби шығарма мәтінін баспасөзде, радио мен телевизияда жариялау үшін қажетті редакциялау тәжірибесінің редактор жұмысында қалай көрініс табатыны «Стилистика және әдеби редакциялау» пәнін оқытудың әдістемесі арқылы әдеби редакциялаудың кәсіптік әдіс-тәсілдері арқылы болашақ журналистерге үйретудің негіздері қарастырылады. Журналистік білім беруде әдеби редакциялау ұғымының теориялық және практикалық пән ретінде қалыптасуының редактор шығармашылығына да қатысы бар. Мақалада баспасөз материалдарына, автор қолжазбаларына, түпнұсқа мәтiндерiне әдеби сипат берiп қана қоймай, тiлi мен стилiн қалыптастыру үшiн үлкен көмек бере алатын әдеби редакциялау пәнінің маңызы айтылады. Шын мәнінде, ақпараттық жаһандану кезеңінде идеялық, ғылыми және әдеби аспектілермен қаруланған редакторға көп міндеттер жүктелетіні, журналист мамандары үшін әдеби редакциялаудың тіл ұстартуда, стиль қалыптастыруда маңызының зор болатыны ақиқат. Сондықтан да, бұл мақалада редакциялау жұмысының редактор үшін де, журналистер үшін де пайдасының бар екені, әсіресе, ақпараттық агенттіктерге материалдар әзірлеу барысында жақсы көмекші бола алатыны жан-жақты сипатталады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі