Кейіпкер портретінің бейнеленуі және аудармада берілуі

Авторлар

  • A. Тараков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • С. Сейденова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

портреттік бейнелеу, психологизм элементтері, түпнұсқа, көркем аударма, аудармадағы дәлдік, портреттік сипаттаудағы тіл көркемдігі мен шеберлігі, аудару технологиясы мен тәсілдері, портреттік сипаттау аудармасы, эстетикалық-эмоциялық ақпарат.

Аңдатпа

Мақалада көркем аудармадағы аудармашыға қиындық туғызатын мәселелердің бірі – портреттік бейнелеулердің берілуі зерттелінген. Кейіпкер характерін, ішкі жан-дүниесін сипаттауда жазушыға психолог қабілеті қажет. Зерттеуші бейнелеу өнеріндегі портреттер мен көркем шығармадағы портреттік сипаттамалар айырмашылығын айқындай келіп, көркем аудармада кейіпкер психологиясын, портретін бейнелеудегі түп нұсқалық сәйкестікті сақтау, соған жақын, дәл балама табу жайлы баяндайды. Классикалық әдебиеттегі портреттік бейнелеулер аудармасындағы қателіктер анықталып, оларды түзету жолдары көрсетіледі. Кейіпкер келбетін, жүзін, ым-ишарасын, емеурінін, қас, көз қозғалысын, жүрісін, қимыл-әрекеттерін, мінез-қылығын шығармада сипаттау, оны аудару амал-тәсілдері талданып, тұжырымдалады. Портреттік бейнелеулерді басқа тілде берудегі қиындықтар мен тілдік кедергілер дәлелденеді. Аудару алдында психологиялық талдау жасау, аударудағы ізденістер, көркем шығарма мен аудармасынан алынған нақтылы мысалдармен сарапталады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы