Азербайжандағы ағарту: әдеби-қоғамдық ойдың жаңа кезеңі

Авторлар

  • З. Г. Магеррамов Академия управления при президенте Республики Азербайджан

Кілт сөздер:

ағартушылық, азербайжан, мектеп, білім, әдебиет.

Аңдатпа

XIX ғасырда азербайжандар көбірек Кавказдың Батыс Азербайжан бөлегінде тығыз өмір сүрді. Өзіндік қайталанбас қолтаңбасымен заттық және адамгершілік құндылықтар, халық ауыз әдебиеті, ашугтар өнері, жалпы мектеп жүйесі, өнер ескерткіштері ерекшеленді. Сол зөаманда Батыс Азербайжанда өмір сүрген азербайжандықтар әдеби тілдің байлығын сақтау мен байытудың, дінді, салт-дәстүрді сақтаудың, басқа ұлттармен некелеспеудің керемет үлгісі бола білді. XIX ғасырда азербайжанда және оның бастыс аймағында мектеп пен ағарту ісі дами бастады. Ауыл халқын ағартуда ұлттық тілдегі мектептер ашылуымен бірге орыс тілін оқыту да назардан тыс қалмады.
Мақалада азербайжанның Джалил Мамедкулизаде, Фирудин бек Кочарли сияқты зиялыларының ағартушылық қызметтері туралы зерттеулер жүргізілген.

Жүктеулер