О. Сулейменов шығармашылығындағы ұлттық бейнелер
Кілт сөздер:
ұлттық образ, көшпенді халық, ұлттық рух, көне түркі тілдері мен жазуы, халық ауыз әдебиеті.Аңдатпа
Мақалада Олжас Сүлейменов шығармаларындағы ұлттық образдарға талдау жасалады. Олжас Сүлейменовтің поэзиясы сан-қырлы, мазмұнды, мағыналы оқырманы сүйсініп оқиды. Ақын өлеңдерінде қазақтың көшпелі тұрмысы, туған жері, еліне деген махаббаты айқын сезіліп тұрады. Өз халқының тұрмысын, ұлттық болмысын шебер сипаттап, даралап көрсетеді. Ақынның лирикалық қаһармандарының бәрі асқақ жанды өр тұлғалар. Олардың қай-қайсысы болмасын өмірге құштар жандар. Олжас Сүлейменовтің өлеңдері орысша жазылғанымен, қазақтың ұлттық шығармасы болып табылады. Ақын өзінің туған халқының эстетикалық дәстүрлерін үлгі тұта отырып, әлем поэзиясының образдарынан алған тағылым, оның ойы мен сезіміндегі ұлттық рухты, ұлттық характерді дамытып байытады. Ақын өлеңдерінде шынайылық, дөп басып суреттеулер басым келеді. Қазақ халқының ұлттық ойындарын көрсетіп, жанды бейнелі суреттерді дамыта отырып, бір сәт көрініс арқылы ақын халық өмірін, оның мінез-құлқын соншалықты шеберлікпен дәл бейнелейді. Ол таусылмас, сарқылмас тіршіліктің өзіндей мәңгілік қозғалысты танытқан, шапшаңдыққа ұмтылған тынымсыз уақыттың өз бейнесі тәрізді көрінеді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
О. Сулейменов шығармашылығындағы ұлттық бейнелер. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1739
