Қазақ неологиясы мен неографиясының өзекті мәселелері
Кілт сөздер:
сөздік құрам, лексикология, жаңа сөздер, неология, неография, лексикография, жаңа қолданыстар, лексикалық инновациялар.Аңдатпа
Қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамының даму динамикасы, ең алдымен, ұлттық тілдің ішкі әлеуетті ресурстерін пайдалану арқылы қазақ тілінің терминологиялық корпусын құру үшін жасалған жаңа лексикалық инновациялардың пайда болу белсенділігімен сипатталады. Неологизм мәселелері тілші ғалымдардың назарында әрқашан болды және қала береді, себебі тілде жаңалықтардың пайда болуы – үздіксіз үдеріс. Жаңа сөздер – күрделі, маңызды тілдік және мәдени құбылыс екендігін ескеру керек. Сондықтан неологизмдермен, тілдегі инновациямен байланысты кез келген мәселе – өзекті. Осымен байланысты неология (неологизмдер туралы ғылым) және неография (неологизмдерді сөздіктердегі сипаттаудың теориясы мен практикасы туралы ғылым) қазақ тіл ғылымында қарқынды дамып келеді деп есептеуге болады. Мақалада шетелдік және отандық тілші-ғалымдардың теориялық тұжырымдарын зерделеу негізінде неология мен неографияның негізгі мәселелері, жаңа сөздердің қолданысқа енуінің/енбеуінің әлеуметтік және тілдік себептері жүйеленеді және жинақталады, қазақ лексикографиясындағы лексикалық инновациялардың көріну тәсілдеріне және формаларына талдау жасалады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазақ неологиясы мен неографиясының өзекті мәселелері. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1740








