Тележарнаманың функционалдығы және оның аударма үлгісі

Авторлар

  • А. Балмухамбетова Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

теледидарлық жарнама, функционалдық теледидарлық жарнамалардың аударма үлгісі, аударма стратегиясы, тұжырымдамалық сәйкестік, мағынасын түсіну.

Аңдатпа

Ғылыми мақаланың мазмұны теледидарлық жарнаманың қызметтілігін және олардың аудармасының ерекшеліктерін қарастырады. Бүгінгі таңда жарнама қоғамның жүріс-тұрысына өте қатты әсер етеді, өмір сүру дағдысын анықтайды, таңдауларының негізі болып табылады. Жарнама кең спектрлі қызметтер түрін көрсете алады. Автор жарнаманың негізгі қызметтерін ерекшелеп оларға сипаттама береді. Теледидарлық жарнамалар роликтарының аудармашыларының кездесетін қиындықтарына ерекше көңіл бөлінеді. Теориялық және практикалық материалды талдаудың негізіне автор аудармашылық процесстің басты этаптарын ерекшелейтін телидидарлық жарнамалардың аудармасының модельін ұсынды. Берілген модельде көрнекі мысал берілген, ал егер дәлірек айтатын болсақ « Sonium» ұялы телефонының тележарнама аудармасының анализі берілген. Берілген мақала бізді тележарнаманың тек қана шығармашылық импровизация болмау керек деген ойға әкеледі. Аудармашыға тележарнаманы сапалы түрде беруге жету үшін міндетті түрде пайдалынылған және тексерілген аударма моделін қолдануымыз керек.Және де ол жіберу мен форманың баламасын және түпнұсқаның мазмұнының сақталуы жөнінде ескертуі қажет.

Жүктеулер