Етіс категориясының өрістері
Кілт сөздер:
етіс, объект, субъект, сипат, өту, амал, етістік, көрініс, функционалды –семантикалық өріс теориясы.Аңдатпа
Мақала етіс категориясы өрістерінің зерттелуінің алғышарттарын анықтауға арналған. Етіс – семантикалық қызметтерінің негізінде біріккен қимылдың уақытқа қатысты өту сипатын білдіретін (морфологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік, лексикалық, лексика-грамматикалық т.б.) тілдік құралдардың жиынтығынан тұратын функционалды-семантикалық категория. Жалпы тіл білімінде етіс жеке сала ретінде қалыптасқанымен отандық лингвистикада оның функционалды-семантикалық категория ретінде танылуына қатысты шешілмеген бірқатар мәселелер болды. Оның негізгісі – бүгінгі күнге дейін етістің мағына беретін тілдік бірліктердің жете зерттелмеуі, етістің функционалды-семантикалық категория ретіндегі компоненттері мен құрылымының, тілдік құралдардың мағынасының толық анықталмауы, сондай-ақ лингвистер бұл категорияға әр түрлі тұрғыдан интерпретация жасауы. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы туралы зерттеулерге терең ден қою бастағаны белгілі. Бұл салада талай жұмыстар атқарылуда. Алайда қазақ тіл ғылымында етістің функциональды – семантикалық категориясы туралы толық сипаттама берілген жоқ. Автор мақалада етістің орталық және шеткері аймақтарындағы өріс етіс категориясына талдау жасайды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Етіс категориясының өрістері. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1746
