Қазақстанның революциядан кейінгі алғашқы газеттеріндегі «жалған» идеологемасының тілдік көрінісіне қысқаша сипаттама
Кілт сөздер:
жалғандық идеологемасы, демагогиялық мәтіндер, тоталитарлық тіл, лингвомәдени қауымдастық.Аңдатпа
Тоталитарлық тіл 1917 жылдан бастап 1985 жылдар аралығы кезеңіндегі орыс тілінің жағдайын көрсетіп береді. Тоталитарлық тілдің қалыптаса бастауына кеңес тарихындағы бет бұрысты оқиға болып табылатын – Ұлы Қазан социалистік революциясы еді. Бұған айғақ революциядан кейінгі жылдарғы алғашқы газеттерде кездесетін демагогиялық мәтіндер. Нақ осы кезеңде кеңес адамының дүниетанымы мен құндылықтар жүйесінің, сондай-ақ негізі ұлттық-мәдени емес, мемлекеттік-саяси ортаға қарай қаланған ерекше лингвомәдени қауымдастығы қалыптаса бастады. «Семиреченские ведомости», «Туркестанский коммунист», «Голос Семиречья», «Джетысуйская правда», «Правда» газеттеріндегі талданып отырған демагогиялық мәтіндер корпусы ХХ ғасырдың 20-шы жылдардағы жағдайларды қамтиды. Мақалада большевиктік идеологемалар жүйесі, оның қалыптасу үдерісі барысында қарастырылады. Қазақстандық газеттерден алынған компрессивті демагогиялық мәтіндерді бақылау нәтижесінде кез келген осындай бір мәтіннің белгілі бір идеологемді беретінін көрдік: біріккен екі немесе одан да көп идеологемдерді мазмұндайды, яғни тоталитарлық жүйе белгілеген ресми догма ретіндегі (жау, зиянкестік, жалған, таптық, т.б.) пайымдауларды насихаттайды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазақстанның революциядан кейінгі алғашқы газеттеріндегі «жалған» идеологемасының тілдік көрінісіне қысқаша сипаттама. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1748








