Қазақ тілін меңгертудегі сөйлеу жағдаяттарының түрлері

Авторлар

  • А. Е. Sadenova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

сөйлеу, психологиялық алғышарттарды саралау, коммуникативтік, жағдаяттар, айтылым.

Аңдатпа

Мақалада қазақ тілін меңгертудегі сөйлеу жағдаяттарының түрлері туралы сөз болады. Қазақ тілін оқитын шетелдік студенттердің сөйлеуін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Сөйлеуге үйретудің психологиялық мәселелері сөз болады. Сөйлеу үшін қажетті жайттардың арасындағы жағдаят мәселесіне және оның компоненттеріне назар аударылады. Оқу үдерісі барлық шынайы жағдаяттарды көрсете алмайды, сондықтан да шынайы тілдік қатынасқа жақын коммуникативтік оқу жағдаяттарының үлгілері ұсынылады.
Мақалада оқудың түрлі кезеңдеріне тиесілі түрлі әдістемелік ұсыныстар берілген. Айтылымның тілдік қана емес, сондай-ақ мазмұнды жағына да назар аударылады. Сөйлеуге үйрету үшін көрнекі нысандар, диалогтар мен полилогтарды қолдану ұсынылады.
Мақалада ұсынылған жаттығулардың жүйесі ауызша сөйлеуді дамытуға көмектеседі. Мұнда ең алдымен айтылымның туындауы, оның коммуникативтік мәні мен тілдің нормасына сай келуі дамытылады. Диалогқа үйретуде бір жағынан репликалардың кезектесе алмасуына үйрету көзделсе, екінші жағынан жағдаяттың өзгеруі көрінетін қарым-қатынасқа түсуге, диалогтық сөйлеуге үйрету көзделеді.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі