Тілді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану

Авторлар

  • L. Turabaeva М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

оқыту, оқу үрдісі, инновациялық технология, интерактивті әдістер, білім сапасы, тапсырмалар, электронды құрылғылар, қабілеттілік, бағыт, білім беру саласы.

Аңдатпа

Мақалада оқу үрдісінде инновациялық технологияны пайдалану арқылы сабақ өтудің түрлері қарастырылады. Инновациялық оқыту негізінде білім алушыларға сапалы білім берумен қатар тәрбиелеудегі оқытушының шеберлігі сөз етіледі. Оқыту барысында жүзеге асатын шығармашылық ойлау, инновациялық әдістер, тапқырлық, шеберлік туралы тиянақты ойлар жүйелі берілген. Ақпараттық құрылғылардың көмегімен орындалатын жұмыс түрлері нақты көрсетілген. Оқытуда компьютерлік технологияны қолданудағы білімді жетілдірудің әдістері кеңінен талқыланған. Білім алушының интеллектуалдық және танымдық мүмкіндіктерін дамытуға арналған міндеттер түсіндірілген.
Электронды оқу құралдарының көмегімен білім меңгеру сапасын жақсарту жолдары қарастырылған. Ақпараттық технологияны білім беру саласында қолданудың түрлі бағыттары атап көрсетіледі. Соның ішінде негізгі бағыттар арнайы келтірілген. Электрондық құрылғылардың қазіргі таңда білім беру үрдісінде негізгі құрылғылардың бірі екендігі нақты айтылған.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі