Жаңа технологиялар арқылы оқытуда дидактикалық ұстанымдар мен әдіс-тәсілдер

Авторлар

  • К. К. Turarova Алматы менеджмент университеті

Кілт сөздер:

технология, дидактиканың басты ұғымы, дидактикалық үдерістің мақсаты, оқыту ұстанымы, инновация, модульдік оқыту.

Аңдатпа

Бұл мақалада жаңа технология арқылы қазақ тілін оқыту мәселелері қарастырылады. Әлемдік бәсекелестік заманында білім және қабілеттілік деңгейіне, іскерлікке ерекше көңіл бөлінуде. Қазақ тілін оқыту барысында білім алушылардың ойлауы мен сөйлеуін дамыту жаңа технологияны пайдалану қажеттілігі туындауда. Мақалада қазақ тілін оқытуды жаңа заман талап ететін сапа тұрғысынан меңгертетін дидактикалық үдерістің мақсаты қарастырылады. Білім алушылардың ойлауы мен шебер сөйлеу тілін дамытудың дидактикалық негіздері ішінде «дидактикалық ұстанымдар» жөнінде ой қозғалады. Инновация ұғымының анықтамасына тоқталады. Оқыту технологиясының құрылымына, жаңа оқыту технологиясын кіргізуге қатысты шаралар қолдану қажеттілігі бүгінгі заманның басты талабы. Мақалада адам бойындағы қажеттілікті қанағаттандыруға кепілдік беретін, әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын, икемді білім беретін модулдік оқыту мәселелері қарастырылған. Модулдік оқытудың дидактикалық ұстанымдары мен негіздері білімді сапалық жағынан өзгертеді. Мақалада автор интерактивті оқытудың тиімді болуы үшін қарым-қатынастың үш жағы қатысуы қажеттілігі туралы айтады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары