Нұсқалар және норма: қолданыстағы анықтамалық басылымдардың құрылымында жүзеге асыру

Авторлар

  • U. Е. Mussabekova Казахский национальный университет им. аль-Фараби,

Кілт сөздер:

ортология, онимы, отонимы, норма, вариант, орфография.

Аңдатпа

Мақалада ортология мәселелері және онымен байланысты норма, тілдік бірліктердің вариативтілік қиындықтары, сондай-ақ жаңа (кірме) сөздерді грамматикалық бейімдеу және оларды тілдік парадигматикаға қосу мәселелері қарастырылады. Қазақстанның орыс тіліндегі отонимдік атауларын грамматикалық бейімдеу үдерістері және дұрыс жазу бойынша анықтамалық басылымдарда орфографиялық ұсыныстардың жасалуы талданады. Аталмыш мәселе лингвистикалық тұрғыдан әлі күнге жүйелі түрде толық әрі жан-жақты қарастырылмады, Қазақстан ономастикасының жүйелік көрсеткіші ретінде отонимдердің атау үлгілері қалыптаспады. Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін жүйе ішінде және сыртқы лингвистикалық аспектілерде әртүрлі онимдер мен отонимдерді жинау және типтеу қажет. Автор Қазақстанның орыс тіліндегі отонимдік атауларының қолданыстағы дұрыс жазу нормаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігіне назар аударады.

Жүктеулер