«Рейтинг» концептісінің лексика-семантикалық ерекшеліктері

Авторлар

  • А. М. Zhanaliyeva Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

концепт, рейтинг, жиілілік, синоним, корпус.

Аңдатпа

Мақалада «рейтинг» сөзінің этимологиясы, сонымен қатар пайда болу тарихы анықталады. Ағылшын және орыс тілдерінің корпустары арқылы «рейтинг» сөзінің қолдану аясы туралы ақпарат беріледі. COHA (corpus of Historical American English) – ағылшын тіліндегі мәтіндер жиналған үлкен корпустарының бірі, ал орыс тіліндегі мәтіндер орыс тілінің ұлттық корпусы болып табылады. Осы корпустар арқылы «рейтинг» сөзінің қай жылдары қолданылуында шарықтау шегіне жетті және мағынасындағы айырмашылықтарды сөйлемдер арқылы анықтадық. Ағылшын тілінде «рейтинг» сөзінің score, grade, evaluation, ranking, sailor, mark, assessment синонимдері ретінде қолданылатындығы корпус арқылы белгілі болса, ал орыс тілінде оценка, популярность, чарт, порядок, показатель екендігі орыс тілінің сөздіктері арқылы анықталды. Сонымен қатар мақалада бұл синонимдік қатарлардың қолдану жиілігі жылдар бойынша берілді. Корпустағы мәтіндер арқылы «рейтинг» сөзінің сөз тіркестері де берілді.

Жүктеулер