Мәдениаралық қатынастағы аударманың лингвомәдени бірліктері

Авторлар

  • S. М. Kerimova Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

мәдениаралық қатынас, аударма, лингвомәдени бірліктер, аударманың линговмәдени моделі, мәдени реалийлер, концептілер мен таңбалар.

Аңдатпа

Мақалада мәдениеттің феномены болып табылатын аударманың лингвомәдени бірліктері (реалийлар, идиомәдени жағдайлар, концептілер, тілдік бірліктердің кұрылымдық-семантикалық ерекшеліктері) қарастырылады. Аудармадығы лингвомәдени реалийлар мысалдары негізінде өзге ұлт оқырмандарының эмоционалды қабылдау деңгейінде белгілі бір ұлттық қасиетке ие ассоциациялардың пайда болып, одан ары ұлғайю ерекшеліктері қарастырылады. Автор әр уақытта аударманың теорияшылары мен тәжірибешілері жетілдірген аударманың әртүрлі үлгілерін атап өтеді. Мәдениаралық коммуникацияны жүзеге асырудағы ұлттық-мәдени ұғымдарды зерделеу мен түсіндірудегі жаңа ғылыми тәсілдемелерге негізделген аударманың лингвомәдени үлгісіне аса назар аударылады. Әртүрлі мәдениеттерді салыстыруда мәтіндегі мәдени маңызды элементтерін түсінуді жеңілдету үшін мәдени кодтарды интерпретациялау және аударма мәтінін бейімделу қажеттілігі туралы көз қарас ұсынылады.

Жүктеулер