О. Бөкей шығармаларындағы әлемнің ұлттық бейнесі
Кілт сөздер:
әлем бейнесі, әлемнің ұлттық бейнесі, ұлттық ерекшелік, мінез-құлық, символ, дәстүр.Аңдатпа
Қазіргі таңда «әдемнің ұлттық бейнесі», «әлемнің көрінісі», «әлем образы» сынды сөз тіркестері әр түрлі ғылым салаларында кеңінен қолданыс табуда. Әсіресе, бұл мәдениеттану мен филология саласындағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.Ұсынылып отырған ғылыми мақалада әлемнің ұлттық бейнесінің О. Бөкей шығармаларында көрініс табуы жөнінде сөз етіледі. Сонымен қатар, мақалада «әлем бейнесі» терминінің туындау тарихы мен қолдану аясы жөнінде мәлімет беріледі. Жазушы шығармасындағы әлемнің ұлттық бейнесінің көрініс табуын айқындау мақсатында О. Бөкейдің «Мұзтау», «Бура», «Жетім бота» сынды шағын туындылары мысал ретінде алынып отыр. Жазушы өз шығармаларында образ-сиволдарды пайдалана отырып, қазақ халқына тән ұлттық менталитетті шебер бейнелей білген. Автор шығармаларындағы осы бейнелер арқылы ұлттық дүниетаным ерекшелігі көрініс табады.
Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
О. Бөкей шығармаларындағы әлемнің ұлттық бейнесі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1791
