Н.А. Тэффи шығармашылығындағы бала тақырыбы
Кілт сөздер:
балалық шақ, дәстүрлер, әңгіме, образдар, бастама, ирония, антитеза, оксюморон.Аңдатпа
Мақалада шетелдегі орыс жазушысы Н.А. Тэффи шығармашылығы барысында бала тақырыбын ашудың негізгі ерекшеліктері қарастырылады. Аталған тақырыптың жазушы шығармашылығындағы маңызы айқындалып, әдебиетте қалыптасқан дәстүр бойынша өмірлік шындық бала көзқарасы арқылы суреттеледі. ХХ ғ. әдебиеттану ғылымында аз зерттелген Тэффидің 1910 – 1916 жж. жинақтарындағы әңгімелер биографиялық және құрылымдық – семиотикалық талдау әдістері арқылы қарастырылады. Әңгімелерге топтастырылу жүргізілу барысында бала психикасы қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтайтын әңгімелер 3 топқа жіктелді. Бала тақырыбының қыр – сырын ашуда антитеза, оксюморон, ирония және сатира сынды әдеби – көркем тәсілдердің мәні мен маңызы ерекше екенін ескере кеткен жөн.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Н.А. Тэффи шығармашылығындағы бала тақырыбы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1792








