Антонимияның когнитивтік бағытта зерттелуі

Авторлар

  • I. S. Sultaniyazova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

антонимдер, қарама-қарсылық, қарама-қайшылық, ұлттық таным, лингвокогнитивтік концептілер.

Аңдатпа

Мақалада антонимияның когитивтік бағытта зерттелуі қарастырылған. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі антонимдік жұптарды концепт тұрғысынан зерттелген еңбектер талданған. Өмірдің өзі қарама-қайшылықтан тұратынын ескерсек, зерттеушілердің оппозицияларға танымдық тұрғыдан қарауы заңды. Адамзат дүниені қарама-қайшылық тұрғысынан танып-біледі. Адам баласы өзін қоршаған материалдық және әлеуметтік ортадағы құбылыстардан қайшылық көреді, өйткені әр нәрсенің екі жағы болады. Өмірдегі жалпы қарама-қайшылықтар барлық ұлттар түсінігінде бірдей болып келеді. Өзге ұлттардың танымында қарсы мәнге ие емес ұғымдар, белгілі бір ұлтта қарама-қарсы қойылуы мүмкін. Өйткені, әр ұлттың өзіндік танымдық ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік ұлттың тұрмыстық жағдай мен шаруашылық бағытына қатысты сөздерден, ұлттың қалыптасуы мен дамуындағы тарихи, мәдени, аймақтық факторларына негізделген түсініктерден көрінеді. Қарама-қарсы мағынада берілген сөздерде халықтың дүниетанымдық ой-сүрлеуі жатыр. Мақалада адамзатқа ортақ ғаламдық түсініктермен қатар, әр халықтың санасында өз мәдениеті мен танымына сәйкес қарама-қайшылықтар болатыны талданады. Қарама-қарсы тілдік бірліктер ұлттық танымды бейнелеу құралы екені қазақ тілі материалдары негізінде дәлелденеді.

Жүктеулер