Медициналық лексика: терминологиялық аспекттер

Авторлар

  • М. Е. Toyganbekova Казахский национальный педагогический университет им. Абая

Кілт сөздер:

арнайы медициналық лексика, медициналық терминология.

Аңдатпа

Қазіргі таңда арнайы медициналық арнайы лексика лекискалық-грамматикалық, этимологиялық және құрылымдық құрамдастарының үйлестірушісі болып табылады. Медициналық лексиканың негізгі бөлімін медициналық терминология құрайды. Бүгінгі күнге дейін медициналық лексиканың қалыптасуы берілген білім саласының дамығанын және өскенін айтады. Медицина тілінде номинациядағы кәсіби қажеттіліктерді ұлғайта отырып түсінікті аппаратты жетілдіру жаңа терминдердің және терминологиялық жүйелердің пайда болуына әкеледі. Тілдік жүйені толықтыратын терминологиялық жүйе ішілік берілген тілдің номинанттық құралдарының және сөздердің терминологизация-сының негізінде жаңа терминдер пайда болады. Терминологиялық қызметтің салыстырмалы талдамасы осы қызмет барысында туындаған қиындықтар дара тілдердің өзгешелігінен емес, ұлттық тілдер жүйесіндегі терминдердің ерекше ережесінен екенін көрсетті. Сонымен бірге, медициналық терминдік жүйеде латын тіліндегі және грек тіліндегі терминдер негізгі орынды алады. Мақала медициналық терминологияны құруға және дамыту аспектілеріне арналады. Автор берілген ғылыми бағытты жетілдіру мен дамыту жағдай-ындағы арнайы медициналық лексиканың қалыптасу ерекшеліктерін ашып көрсетеді.

Жүктеулер