Тілдік және коммуникативтік таптаурындар: ағылшын және орыс тіліндегі одағайлар

Авторлар

  • O. Н. Генерозова О.
  • З. A. Тлеугабылова
  • Г. A. Оразаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. О. Бекалаева

Кілт сөздер:

даяр сөз үлгілері, сөз қалыбы, таптаурын сөздер, функционалды қайта бағдарлау, лингвомәдени таптаурындар, қанатты сөздер мен идиомалар (тұрақты сөз тіркестері).

Аңдатпа

Берілген мақала коммуникативті таптаурындардың ерекшеліктеріне арналған. Ағылшын және орыс тілдері деректеріне негізделе отыра бөлек функционалды класты, соның ішінде одағай қарастырылды. Зерттеу барысында қазіргі кезеңдегі бұл құбылыстың аударма өзгешіліктері айқындалды. Лингвокультуралық таптаурындардың салт-санаға енгені, халықтың менталитетінде қалыптасып, оның тілдік қорында бейнеленгені туралы тұжырым жасалынды. Лингвистикада бұл сөзді екі түрлі түсіну орын алған. Бірінші мағынасы (тілдік мән- мағынасы) таптаурынды стандартты, бекітілген, белгілі бір сөз жағдайында дайын түйдегімен қолданылатын қайта жаңғыртылатын тілдің бірлігі ретінде түсініледі . Екінші мағынасы бойынша (семантикалық мән-мағына), таптаурындар адам бейнесінің, заттар мен оқиғалардың тұрақты мазмұны, яғни негізгі бастапқы мағынаға сәйкес келетін тілдік бірліктің мағыналық коннотациясы ретінде қарастырылады. Екі түсініктің де ортақ бір сипаттамасы бар: олар тұрақтылыққа ие. Айырмашылық тек қандай тұрақтылық екендігінде ғана : пішін немесе мазмұн. Бұл мақалада мақалада біз «таптаурын» деген сөзді семантикалық тұрғыда емес, негізінен тілдік мағынада қарастырамыз.

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары