Аударма мәтіндеріндегі лингвистикалық қатысымдық-прагматикалық әсер ету әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері
Кілт сөздер:
тіл білімі, аударматану, қолданбалы лингвистика, сұраулы сөйлемдер, қазақ және ағылшын тілдері, прагмалингвистикалық бағыт.Аңдатпа
Тіл білімінің зерттеу ауқымы жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап кеңейіп, негізгі назар тілдің сөйлеу қатысымы құралы ретінде қолданылу мәселесіне бөлінді. Осыған байланысты тіл білімі нағыз макролингвистикаға, яғни тілдің қоғамда тіршілік етуінің алуан түрлі нысандары мен әдіс-тәсілдерін зерттейтін лингистикалық пәндер жиынтығына айналып, пәндер мен білім салалары пайда болды. Аударматану ғылымының нысаны – аударма, бір тілдегі мәтін мазмұнын өзге тіл құралдары арқылы жеткізу әрекеті. Қолданбалы лингвистиканың бөлімі ретінде, аударма әдебиеттану ғылымымен де тығыз байланысты. Аударма – екі тілдік қатысым моделі. Аударма үдерісі кезінде адресаттың өзге мәдениет ортасына жататындығы, оның байсалдылығы мен салмақтылығы ескерілсе керек деп пайымдауға болады. Аударманы тіларалық қатысымның екі тілдегі тіл және сөйлеу бірліктерін салыстыру үдерісінің ауқымды әрі шынайы тәжірибелік актісі ретінде қарастыруға болады, сондықтан аударманы зерттеу барысында біртілдік зерттеулерде анықталмаған маңызды фактілер айқындалуы ықтимал.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Аударма теориясы
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Аударма мәтіндеріндегі лингвистикалық қатысымдық-прагматикалық әсер ету әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1800
