Герольд Бельгердің шығармашылығындағы «жады» тұжырымдамасының экспликациясы

Авторлар

  • А. О. Маукеева Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Кілт сөздер:

тұжырымдама, шығармашылық, жазушы, шығарма, «жады» тұжырымдамасы, экспликация, тұжырымдамалық талдау, мәтін, көркем әлем, әлемнің бейнесі.

Аңдатпа

Мақалада көркем мәтінді, оның тұжырымдамалық кеңістігін зерттеу мәселелері қарастырылады. Герольд Бельгер шығармашылығы материалында – жазушының көркем әлемі деп аталатын, мәтіннің көркем кеңістігі талданады. Бұл әлем тіл тұрғысында – рухани мәдениеттің негізгі сөздері ретінде түсіндірілетін, мәтіннің түйіндік тұжырымдамаларын анықтайды. Г. Бельгердің «Әкенің үйі» әңгімесінде осындай негізгі сөз-тұжырымдама ретінде «жады» тұжырымдамасы келтіріледі. Бұл сөздің тұжырымдамалық талдамасы – ерекше тілдік тұлға ретіндегі автордың көркем әлемінде «жады» дәл осы жазушыға тән ерекше түсінімдік, ұғымдық алаңды қалыптастыратындығын білдіреді. Әңгіме мәтінінің талдауы көрсеткеніндей, бұл алаңның құрамына келесі компоненттер кіреді: «жады – ата-баба», «жады – әкенің үйі», «жады – әлсіз арқау», «жады – өткенмен және келешекпен байланыс», «жады – уақыт», «жады – шежірелік байланыс», «жады – өмірдің өзі», «жады – мәңгілік». «Жады» тұжырымдамасының мағыналық кеңістігін түзейтін осы мағыналық санаттар – нәтижесінде жазушы әлемінің ерекше бейнесін, оның ерекше көркем әлемін анықтайды.

Жүктеулер