Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ романыТәуелсіздік жылдарындағы қазақ романы

Авторлар

  • А. Ш. Асқарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Б. Б. Баязитов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

тәуелсіздік жылдары, идеялық-мазмұндық ізденістер, қазақ романы, ел тарихы, тарихи романдар, тарихилық.

Аңдатпа

Мақалада ел тәуелсіздігі жарияланғаннан бергі уақытта жазылған романдар тақырыптық жағынан топтастырылып, жаңа дәуірдегі жаңа романдардың идеялық, мазмұндық ізденістері негізгі зерттеу нысанында қарастырылады. Сондай-ақ, романның кең тараған тақырыптары мен сабақтас тақырыптар өзара салыстырыла отырып, нақтылы романдар төңірегінде талданады. Тарихи тақырыптағы романдарға кеңінен тоқталып өтеді. Қазақ романдары ішінен тарихи романдардың І. Есенберлин бастаған көшінен бергі кезеңдерде сан жағынан да, сапа жағынан да озық тұруы ХХ ғасырдың соңғы ширегі десек, бұл тәуелсіздік алған алғашқы он жылдыққа да тән. Сондықтан да, мақалада тарихи романдар өрісі, ұлттық, тәуелсіздік идеясын жалаулатуға үлесі, өзге де тарихи тақырыпқа жақын роман түрлерімен қатар аталады. Тарихилық ұғымының аясында романдардың сипатын тануға жол ашылады. Жазушы шеберлігі мен шығарма шырайын танытуға аса мән берілген. Романдардағы тұлғалар өмірі, төңкеріс, аштық, соғыс, 86-дағы Желтоқсан тақырыптарының идеялық-мазмұндық ізденістері, көркемдік шешімдері талданады.

Жүктеулер