Қaзaқ әдебиетіндегі ұлттық идея көрінісінің ерекшеліктері
Кілт сөздер:
ұлттық идея, әдебиет, жазушы, көрініс, тарих, өткен уақыт, тұлға.Аңдатпа
Мақалада «ұлттық идея» ұғымының мәні тұжырымдалады. Ұлттық идеяның негізгі зерттеу аспектілері заманауи әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар аясында ашылып, саяси, әлеуметтік, мәдени, философиялық, діни, тарихи, көркем және публицистикалық тәсілдер аясында қарастырылады. Қоғам мен жеке адам өміріндегі оның рөлі мен маңыздылығы анықталады. зерттеу барысында ұлттық идея халықтың өркениетті әлеуетін, эстетикалық және этикалық идеалдары мен құндылықтарын көрсетеді. Мақалада бұл ұғым қоғам өмірінің ажырамас құрамдас бөлігі болып, көркем әдебиетте кеңінен өріс алғандығы айқындалады. Ұлттық идея ежелгі кезеңнен бастап, осы уақытқа дейінқазақ жазушыларының шығармаларында сипатталады. Оның бастауы батырлық, тарихи жырлар мен эпостардан басталады. Ол ақындар мен жыраулар шығармашылығының ажырамас бөлігі болып табылады. Ұлттық идея қазіргі қазақ әдебиетінен де көрініс табады. Жазушылар оны жадында сақтау және ұрпақтар мәдени сабақтастығы мәселесінің контекстінде түсіндіріп келеді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қaзaқ әдебиетіндегі ұлттық идея көрінісінің ерекшеліктері. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 159(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1832








