Руми және Диздара еңбектеріндегі дискурстардың әртүрлі үлгісіне семантикалық талдау
Кілт сөздер:
Мевлана Руми, Мак Диздар, суфизм дәстүрі, семантикалық ерекшелігі, дискурс анализі, таңбалар.Аңдатпа
Суфизмнің ең белгілі ойшылы Мевлана Джелал ад-Дин Мухаммад Руми (1207 жылы Балх қаласында туған, Конья, Түркия, Хорасан провинциясының бұрынғы қаласы – 1273, Конья, (Түркия) және Босня ақыны Махмедалия Мак Диздар (1917, Столац, Босня және Герцеговина – 1971, Сараево, Босня және Герцеговина) туған жылы және тілі жағынан бір-бірінен алыс, ұқсамайтын болып көрінеді. Біріншісі парсы тілінде, екіншісі жергілікті босня идиомаларын қолданып, екеуі де түрлі, материалдық емес бағытта жұмыс істеген сияқты. Соған қарамастан екі жазушыны тарихи жағдай мен тілдің тұжрымына қатынасы біріктіреді. Бұл мақала Руми және Диздар еңбектерінде ұсынылған дискурстардың әртүрлілігі ескеріліп, поэзияның семантикалық өзгешеліктеріне арналған. Айталмыш ақындардың еңбектеріндегі түртінділер мен архетиптерді, сонымен қатар әрқайсының тілінің бірегейлігін ескере отырып, мақалада бір тақырыпқа әртүрлі тәсілдердің қолдануына талдау жасалады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Руми және Диздара еңбектеріндегі дискурстардың әртүрлі үлгісіне семантикалық талдау. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 159(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1833
