Газет мәтініндегі тақырыптардың синтаксисі
Кілт сөздер:
синтаксис, газеттегі мәтіндер, индустрия, лексика-грамматика, құрмалас сөйлемдер.Аңдатпа
Газет көпшілік оқуға арналған ақпараттық құрал болғандықтан, қазақ тілінің әдеби нормасының сақталуына, ел арасына дұрыс таралуына тікелей әсер етеді. Сөйлемдердің құрылымы, сөз тіркестерінің орынды қолданылуы, граматикалық ережелердің сақталуы мақаланың мәтінінен кем маңызға ие емес. Мақала керемет қоғамдық пікірді қозғағанымен, синтаксистік қателер кездесетін болса, ол кәсіби тұрғыдан үлкен қателік болып есептеледі. Бұл орайда мақала тақырыбында да бұл ережелер қатаң сақталуы керек. Себебі, тақырыптың сауатсыз қойылуы немесе құрылымдық жағынан қате кетуі, қалыптасқан сөз тіркестерінің бұрмалануы оқырман қауымға айдан анық байқалып тұрады. Мәселен, құрмалас сөйлемді немесе жай сөйлемді толығымен тақырып ретінде қояр болсаңыз, оның оқырманға жаға қоймауы белгілі. Мақала тақырыбы адамды өзіне тартып тұруы қажет. Бұл тұрғыда синтаксистің бізге берер көмегі мол.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Газет мәтініндегі тақырыптардың синтаксисі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 159(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1839








