Орыс тілін оқытуда шетелдіктердің ана тілі артикуляциясы мен грамматикасын ескеру

Авторлар

  • U. К. Abisheva Казахский национальный университет имени аль-Фараби,
  • G. Zh. Какysheva

Кілт сөздер:

шетелдік тыңдаушылардың артикуляциясы, айту ерекшелігі, дари және пушту ана тілдері, жан-жақты акцент белгілері, орыс тілінің фонетика жүйесіp, фонетикалық интерпретация.

Аңдатпа

Мақалада шетелдік тыңдаушылардың, атап айтқанда, дари және пушту (мемлекеттік) тілдерінің тасымалдаушыларына тән артикуляция мәселелері қарастырылады. Тыңдаушылардың фонетикалық қателеріне ерекше назар аударылады. Дұрыс айту дағдысын қалыптастыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі, білім алушылардың ана тілі артикуляциясының ерекшеліктері, сондай-ақ орыс тіліндегі жекелеген дыбыстар мен дыбыс тіркестерін айту ерекшеліктері ескеріледі. Орыс тілінің практикалық фонетикасы орыс тілінің дыбыстық қатарындағы жан-жақты, типологиялық, өзіндік аспектілерді ажыратуды көздейді. Орыс тіліндегі шетелдік акцентті (басқа тілде сөйлегенде пайда болатын дыбыс ерекшелігі) зерттеу тәжірибесі көрсеткендей, акценттің жан-жақты белгілері жоқ, алайда орыс тілінің фонетика жүйесінде фонетикалық интерференция кездесетін бөліктерді атап көрсетуге болады. Барлық тіл тасымалдаушыларының сөйлеу мүшелерінің құрылымы бірдей, бірақ та әр тілде дыбыстау қозғалыстарының өзіндік ерекшеліктері, яғни әр тілдің өз артикуляциялық базасы бар.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары