Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан» шығармасындағы драматизм табиғаты
Кілт сөздер:
драматизм, тартыс, синергетика, тұрақтылық пен тұрақсыздық принципі, хандық, елдік.Аңдатпа
Мақалада Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан» драмасындағы драматизм табиғаты Абылай образының драматизмі арқылы қарастырылады. Талдау драмадағы тартыс табиғатын синергетика заңдылықтары негізінде саралауға негізделген. Ол сезім мен сана, ерік пен елігу, құштарлық пен парыз, тақ пен ар арасында өрбіген Абылайдың ішкі драмалық тартысынан көрінген. Тарихи тұлғаның ішікі драмасы осылайша табиғи көрініс тапқан. Драматизм болмысы әдебиеттанушылық тұрғыдан «тұрақтылық пен тұрақсыздық принципі» негізінде айқындалған. Ал қоғамда болып жатқан аумалы-төкпелі құбылыстардың күрт өзгеруінен, тұрақты және тұрақсыз жағдаяттардың алма-кезек ауысуынан Абылай мен Шарыш арасындағы сайыстан, Абылай және Ботахан мен Жақай арасындағы даудан, Абылай мен Топыш, Абылай мен Әмір Сана арасындағы қатынастардан сыртқы тартыс үдей түскен. Тұрақтылық пен өзгермелік арасындағы сапалық өзгерістердің драма табиғатына әсері қадағаланған. Осылайша, тәртіп параметрлері арқылы драматизмнің туындау табиғаты түсіндірілген. Хандық, елдік принциптерін бірінші орынға қойған хан образының жасалу ерекшелігіне көңіл аударылған.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан» шығармасындағы драматизм табиғаты. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1858
