О. Бөкеевтің «Қар қызы» повестіндегі мифопоэтикалық бейнелердің ерекшелігі
Кілт сөздер:
миф, мифопоэтика, бейне, сюжет, сарын, фольк- лор, синтез.Аңдатпа
Мақалада қазақ жазушысы О. Бөкеевтің «Қар қызы» атты повестінің мифопоэтикалық астары сипатталады. Туындының бейнелер жүйесі шынайы-тұрмыстық және мифологиялық әңгімелеу жоспарлары тоғысында қарастырылады. Қос жоспар да бір-бірімен бір уақытта қарама-қарсы және де күрделі жүйемен сәйкестіріліп, біріктірілген көрініс табады. Сонымен қатар, автордың адамзаттың қатігез болмысы мен себептері, қоғамның рухани деңгейінің құлдырау себептері мен ықпалдары жайындағы толғанысының философиялық аспектілері жете талданды. Шығарманың мифопоэтикалық астарындағы қар қызы, адам аң секілді бейнелердің жаратылысына көмектесетін ауыспалы және фольклорлық-мифологиялық бейнелер зерттеледі. Мұндай құрылым түрлі халықтың мифологиялық бейнелерінің мәнмәтінін қиындата және кірістіре отырып, шығарманың мағыналық келешегін тереңдетеді. Жоғарыда аталған бейнелерге алтай, жапон және қазақ фольклорымен салыстырулар аясында керекті параллельдер жүргізіледі. О. Бөкеев повестінің негізгі арқауы – зұлым Қонқайдың кесірінен зардап шеккен байғұс қыздың қайғылы тағдыры зерттеледі.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
О. Бөкеевтің «Қар қызы» повестіндегі мифопоэтикалық бейнелердің ерекшелігі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 159(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1865








