Аудармадағы мәтін эквивалентілігі
Кілт сөздер:
семантикалық эквиваленттілік, тіларалық қатысым, аударма құзыретіАңдатпа
Мақалада көркем мәтіндегі және тіларалық қатысымдағы сөз қарастырылады. Тіларалық қатысым ретінде көркем аударманың мақсаты бастапқы және соңғы тілдің айтылымдар арасындағы эквиваленттілік табысы болып табылады, мұнда аударманың қиындығы жазушының жеке шығармашылық дүниетанымын – тілдесімдік жағынан мағынаны әсірелеу, эмоционалдық-бағалау коннотацияларымен сөздің семантикалық, функционалдық және стилистикалық сипаттамасын толық көлемде ескеру қажет. Автор мәтіннің функционалды эквиваленттілігі семантикалық және қатысымдық прагматикалық эквиваленттіліктің қатысуымен жүзеге асырылады. Семантикалық эквиваленттілік толық және толық емес болуы мүмкін. Қатысымдық прагматикалық эквиваленттілік балағат сөздер, қарату сөздермен бейнелеп атау сөздері сияқты эмоционалдық-бояулы сөздер тобын аудару түрі болады. Көркем мәтінді аударудың ерекшелігі бастапқы мәтінді аудару – интерпретациялауға деген қабілеті екені атап өтіледі, осыған орай лингвоэтникалық коммуникативтік құзыреттер, лингвомәдени коммуникативтік құзыреттер сияқты ұғымдар қолданылады.
