М. Зверевтің «Ақ марал» шығармасындағы маралды бейнелеу ерекшелігі
Кілт сөздер:
автор, анималистикалық жанр, баяндау, жануар, аллегориялық бейне, психологизм, антропоморфизмАңдатпа
Мақалада Қазақстанның натуралист жазушысы М. Зверевтің «Ақ Марал» шығармасындағы марал кейаін бейнелеудің ерекшеліктері мен оның қазақ және әлем әдебитімен ара қатынасы қарастырылады.Жануарларды бейнелеудегі типтік зерттеу саласындағы жинақталған ғылыми тәжірибе қорытындыланады. Анималистикалық жанрдың негіздерін анықтауда, ең алдымен, үй және дала жануарларының табиғи ерекшеліктерін, олардың «психологиясын»жақсы танып-білу, ерекше авторлық позицияның болуы, шығарманың жалпы гуманисттік бағытта болуы мәселелері қарастырылады. М. Зверевтің шығармасын толықтай зерттеудің нәтижесінде, анималистикалық бейнелерді суреттеу кезінде жазушы марал өмірінің бір бөлігін ғана емес, жануардың өмірін толықтай хронологиялық ретпен көрсететіндігі анықталды. Жануар өмірінің жеке фактілерін немесе толықтай тарихын сипаттау анималистикалық шығарманың жанрлық ерекшелігі болып табылады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
М. Зверевтің «Ақ марал» шығармасындағы маралды бейнелеу ерекшелігі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 159(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1887
