Қазақ тілінің хабарлы сөйленімдеріндегі тоналды акценттің зерттелуі (Praat фонетикалық бағдарламасы бойынша)

Авторлар

  • Д. А. Карагойшиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • M. Ж. Жанабекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. С. Айтмуханбетова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

тоналды акцент, интонация, компьютерлік бағдарлама, сөйленім, фонетикалық талдау

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіліндегі дайындықсыз жазылған сөйленістердің тоналды акценті қарастырылған. Мақала аясында сөйленістердің интонациялық контурларындағы негізгі тонның жиілігіне жасалынған фонетикалық талдау сипатталған. Қазақ тілінің интонациясын зерттеуге алғаш рет сөйлеу сигналдарын өңдеуге, талдауға арналған Praat атты компьютерлік бағдарлама қолданылған. Praat бағдарламасын қолдана отырып, дикторларға дайындықсыз берілген хабарлы сөйленімдері жазылды, хабарлы сөйленімдерінің тоналды акценттің интервал көлемі, аталмыш тоналды акценттегі негізгі тон түрлері анықталды. Бұл бағдарламаны сегменттік және суперсегменттік деңгейдегі кез келген тілдердің дыбыстық жүйесін зерттеуге пайдалануға болады.

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі