Шахмат терминологиясының ерекшеліктері

Авторлар

  • A. A. Караев Kazakh National University named after Al-Farabi

Кілт сөздер:

шахмат терминологиясы, терминологиялық жүйе, детерминологизация, антонимия, полисемия, омонимия, синонимия

Аңдатпа

Бұл мақалада шахмат терминологиясы ерекшеліктерінің мәселесі қарастырылған. Спорт – көптеген жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлері өте жылдам дамып келе жатқан сала. Сол себептен
спорттың, оның ішінде шахмат саласының терминдері белсенді қолданысқа еніп жатыр. Шахмат терминдері тура номинативті мағынада және ауыспалы метафоралық бірлік ретіде сөздік қордың аясын кеңейтуде. Шахмат терминдерінің көпмағыналығы әр түрлі қарым­қатынас кезінде қолданысқа түсуге зор мүмкіндік береді. Әсіресе журналистер үшін оқырманға ерекше ісер етуде пайдаланылатын жаңа сөз қолданымның бай қайнаркөзі болып табылады. Сондай­ақ, бұл мақалада үздіксіз таңдау әдісі бойынша таңдалған шахмат терминдерініңмағынасы мен олардың пайда болу әдістеріне нақты мысалдар келтірілген. Осы мақаланыңбірінші бөлімінде «терминология» және «терминологиялық жүйе» ұғымдарының анықтамалары ұсынылғын. Мақала анықталған нәтижелер мен мысалдар терминология және тіл білімін, сондай­ақ журналистика негіздерін оқыту практикасында қолдануға болатынымен құнды.